06.10.2024, 18:13
Жаңалықтар
Қос азаматтығы бар атыраулыққа жарты млн теңгеден аса айыппұл салынды
Ол 2023 жылы Қазақстан азаматы бола отырып, ол Ресей паспортын алған
Фото: depositphotos.com
Атырау облысы Құрманғазы ауданының 47 жастағы тұрғынына қос азаматтық үшін ірі көлемде айыппұл салынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция департаментінің мәліметінше, Құрманғазы ауданының тұрғыны туғанынан бастап Қазақстан азаматы болып саналады. Ол алғаш рет 2002 жылы ҚР азаматы ретінде жеке басын куәландыратын құжат алған.
Сонымен қатар, 2023 жылы Қазақстан азаматы бола отырып, ол Ресей паспортын алған.
«Сотта ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 140 АЕК (516 880 теңге) айыппұл салынды. Айыппұл мемлекет кірісіне толығымен өндірілді», - деп хабарлады полиция.
Көп оқылған
11.04.2026, 10:33
Павлодарда 13 жастағы қызды зорлаған студент сотталды
11.04.2026, 07:22
Парашют ашылмай, 18 жастағы курсант қаза тапқан: Ақтөбеде үкім шықты
11.04.2026, 17:26
12 сәуір күні ауа райы қандай болады
11.04.2026, 21:27
Астанада балта ұстаған мас ер адам тұрғындардың зәресін ұшырды
11.04.2026, 14:06
Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды