$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада жалған хабарландыру беріп, 32 адамды алдап соққан әйел сотталды

Сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Астанада жалған хабарландыру беріп, 32 адамды алдап соққан әйел сотталды
Фото: istockphoto.com

Астанада автокөлік бөлшектерін сату туралы жалған хабарландыру жариялап, 32 адамды алдап соққан әйел сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің 2024 жылы 2 қазанда таратқан хабарламасына сәйкес, ол автокөліктердің қосалқы бөлшектерін әртүрлі қалаларға жіберуге уәде беріп, қылмыстық ниеттерін жасыра отырып, жәбірленушілерге банктік деректемелер мен жалған сатып-алу шарттарын жіберген. Ал ақша түскеннен кейін алаяқ телефон қоңырауларына жауап беруді кілт доғарған. 

Осылайша, сотталған 32 азаматты алдап, олардың 4,8 млн теңгеден астам қаражатын иемделген. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.

«Сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген материалдық залал өндірілді», - делінген хабарламада.

 Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары