28.09.2024, 16:55
Жаңалықтар
Астанада газ баллоны жарылған кафе қирап қалды
Оқиғадан 6 адам зардап шекті
Фото: ҚР ТЖМ
Астанада Ақыртас көшесінің бойында екі қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, қирау алаңы шамамен 60 шаршы метрді, ал өрт алаңы 15 шаршы метрді құрайды.
«Өрт сөндірілді. 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмысын жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
