$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Халықтық штаб өкілдері Алматы облысы гуманитарлы-техникалық колледждің ұжымымен кездесті

Кездесу барысында атом энергетикасының стратегиялық маңызы мен экологиялық қауіпсіздігі туралы айтылды

Халықтық штаб өкілдері Алматы облысы гуманитарлы-техникалық колледждің ұжымымен кездесті

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Қарасай ауданындағы Гуманитарлы-техникалық колледжінің ұжымымен және студенттерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Халықтық штаб мүшелері Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев сөз сөйлеп, атом энергетикасының стратегиялық маңызы мен экологиялық қауіпсіздігі туралы айтты.

Жанболат Жөргенбаев өз сөзінде АЭС салудың Қазақстан үшін экономикалық тиімділігін және елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтатын маңызды қадам екенін атап өтті.

«Біздің қазіргі электр энергиясының басым бөлігі ескірген көмір станцияларынан алынады. Бұл экологиялық тұрғыдан тиімсіз әрі болашақта электр энергиясы тапшылығына әкелуі мүмкін. АЭС салу арқылы біз тұрақты, сенімді әрі экологиялық таза энергия көзіне қол жеткізе аламыз. Бұл біздің энергетикалық тәуелсіздігімізді қамтамасыз етіп қана қоймай, экономикалық өсімге де айтарлықтай үлес қосады», — деді ол.

Ал Закиржан Кузиев АЭС-тің қауіпсіздігіне ерекше тоқталып өтті. 

«Қазіргі таңда әлемде АЭС-тің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа буынды технологиялар енгізілуде. Қазақстан да осы озық технологияларды пайдаланып, АЭС-тің қауіпсіздігіне толықтай кепілдік берушеді», — деді сенатор.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#АЭС