23.09.2024, 07:24
Жаңалықтар
Пәкістанда елшілер делегациясын алып жүрген полиция көлігі жарылды
Дипломаттар арасында ҚР елшісі де бар
Фото: depositphotos.com
Пәкістандағы Хайбер - Пахтунхва провинциясында 12 мемлекеттің елшілерін алып жүрген полиция көлігі минаға тап болып, жарылды. Олардың арасында Қазақстан дипломаты да бар. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға салдарынан бір адам қаза тапқаны белгілі.
«Үш полиция жараланып, біреуі қаза тапты. Дипкорпус өкілдері зардап шеккен жоқ, барлық елшілер Исламабадқа оралды. Елшілер Исламабад қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған туризм конференциясына қатысу үшін Сват қаласына жіберілді», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады