$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Ел бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронталды бөліктер еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайды – жаңбыр жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында найзағаймен. Республиканың батысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша желдің күшеюі, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, орталығында, Абай облысының шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары