Ақтауда қоқыс жәшігінен бұрынғы ММА файтерінің мәйіті табылды

Azattyq Rýhy

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады

Ақтауда қоқыс жәшігінен бұрынғы ММА файтерінің мәйіті табылды
Фото: lada.kz/ WhatsApp менссенджерінен

Желіде 3 шағын ауданда ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. Қаза тапқан адам бұрынғы ММА файтері Вусал Джафаров екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Lada.kz-ке сілтеме жасап.

WhatsApp мессенджерінде қолданушылар аралас жекпе-жек жауынгері Вусал Джафаровтың суретін жібереді, оның мәйіті 3 шағын аудандағы қоқыс жәшіктерінің бірінен табылған. Дене пішіні бұзылған, толығымен ісінген және қарайып кеткен.

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

«Мәйіт 20 қыркүйекте табылды. Ер адамның мәйітін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Желі қолданушыларының айтуынша, Вусал Джафаровты ұрып-соғып кеткен, ер адамның денесі бірнеше күн бойы көшеде жатқан.

Ашық дереккөздердің хабарлауынша, Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Ол төрт жекпе-жек өткізді, оның біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.