«Адам баласы хайуаннан қорқынышты»: арыстан атқан ер адамның әрекеті жұртты шошытты

Azattyq Rýhy

Видео әлеуметтік желіде жарияланды

«Адам баласы хайуаннан қорқынышты»: арыстан атқан ер адамның әрекеті жұртты шошытты
Фото: Видеодан скрин

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Instagram парақшасында арыстан атып алған адамның видеосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео ер адам аң патшасы саналатын арыстанды атып алып, қазақстандықтарды осы іске шақырды.

«Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі. Айтқанымдай, 2025 жылдан бастап арыстанға қатысты аңшылық шектеледі. Құлақ салғандар осында келді, біраз арыстан атылды. 2025 жылға дейін әлі уақыттарыңыз бар. Құлақ салғандар атып алды немесе бронь жасап қойды. 2025 жылдан бастап баға ұшады. Сол естеріңізде болсын. Жаңа жылға дейін уақыттарыңыз бар», - дейді видеодағы ер адам.

Оның бұл әрекетін желі қолданушылары бірауыздан қатаң сынға алды.

«Бұл адам ұзаққа бармайды, я ұрпағыңа кесірі тиеді», «Адам баласы хайуаннан қорқынышты», «Өзімен өзі жүрген аңды ақымақтар ғана атады», «Понт қой өзінше, ол жануардың да киесі бар ғой», - деп жазды желі қолданушылары.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.