Жағдайы күрт нашарлап, үйінен шыға алмай қалған: инспектор қарт кісіні құтқарып қалды

Azattyq Rýhy

86 жастағы қарт кісіні дәрігерлер ауруханаға жатқызды

Жағдайы күрт нашарлап, үйінен шыға алмай қалған: инспектор қарт кісіні құтқарып қалды
Фото: Polisia.kz

Алматыда учаскелік инспектор қарт кісіні қиын жағдайдан аман алып қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкері Әлішер Болатханов өз аумағында үй-үйді аралау кезінде Мұратбаева көшесіндегі үйлердің бірінде тұратын егде жастағы әйелдің бірнеше күннен бері пәтерінен шықпай, телефон қоңырауларына жауап бермей жатқаны туралы ақпаратқа жедел әрекет етті.

«Учаскелік инспектор әжейдің жалғыз тұратынын және қиындыққа тап болуы мүмкін екенін білгендіктен бірден дабыл қаққан. Тиісті қызметтерге хабарлаған соң есікті ашуға шара қолданды. Әжей жатын бөлмедегі еденде жатты, есін жиған, бірақ қозғала алмады. Оған шұғыл медициналық көмек қажет болды. Анықталғандай, қарт әйел кенеттен өзін нашар сезініп, құлап қалған, бірнеше күн осы күйде жатқан. Учаскелік инспектордың жедел әрекетінің арқасында әжейдің өмірі мен денсаулығына келтірілуі мүмкін болған зардаптардың алдын алғанына сенімдімін», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

86 жастағы қарт кісіні дәрігерлер ауруханаға жатқызды. Ол біраз уақыт бойы олардың бақылауында болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.