Новости спорта, футбол, КПЛ

Әрбір балабақша 15 баладан артық қабылдамайды – Үкімет болжамы

Карантин ережелерін ескере отырып, Үкімет осындай ықтимал шешімге тоқтап отыр

Әрбір балабақша 15 баладан артық қабылдамайды – Үкімет болжамы

Қазақстан Республикасында 16 наурызда енген төтенше жағдай бүгін, 11 мамырда тоқтады. Дегенмен, елдегі карантин сақталып отыр, ел ішінде әлі де шешілмеген шектеулер бар. Соның бірі – балабақшалардың жұмысы. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төтенше жағдай шешілген соң, мемқызметкерлердің 50 пайызы жұмысқа келе бастағанда балабақшалар қалай жұмыс істейтінін болжады.

«Спорт бойынша жаттығулар, ал мәдениет қызметкерлеріне дайындық жүргізуге рұқсат берілді. Ал жұмысқа шыққан ата-ана үшін балабақшалардан кезекші топтар ашылады. Бірақ балабақшалардың жұмыс істеу шарттарын әлі қарастырып жатырмыз. Карантин режиміндегі шектеулерді ескере отырып, әрбір балабақшада 15 баладан аспайтындай болжамды қарастырып жатырмыз», - деді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, бүгін 11 мамырдан бастап, төтенше жағдай аяқталған соң еліміз бойынша саябақтар ашылды. Сонымен қатар, шағын дүкендер, сұлулық салондары да іске қосылып, білім беру орталықтары да жанданды. Карантин режиміне байланысты, отбасы мүшелерін қоспағанда, бір орында үш адамнан артық жиналуға тыйым салынған. Ал қоғамдық көлік  бетперде тақпаған жолаушыларды автобусқа отырғызбайды.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.