$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«13 адам қайтыс болған»: Алматыда хостелдегі өртке қатысты іс сотқа жіберілді

Екі адам айыпталушы ретінде жауап береді

«13 адам қайтыс болған»: Алматыда хостелдегі өртке қатысты іс сотқа жіберілді
Фото: depositphotos.com

Алматыда 13 адам қайтыс болған хостелдегі өртке байланысты тергеудің аяқталып, іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген (екі және одан да көп адамның абайсызда қайтыс болуына әкеп соққан, оларды сақтауға жауапты адамның өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуы).

«Екі адам айыпталушы ретінде жауап береді. Айыптау актісі бар қылмыстық іс Алмалы ауданының сотына қарау үшін жіберілді», - делінген прокуратураның хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды. 

Еске сала кетейік, өткен жылдың 30 қарашасында Алматыда  хостел өртеніп, 13 адам ажал құшқан еді.

Серіктес жаңалықтары