Новости спорта, футбол, КПЛ

11 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер дүйсенбі күнгі ауа райы болжамын ұсынады

11 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Дүйсенбі, яғни 11 мамыр күні республика өңірлерінің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Еліміздің оңтүстік батысында, батыс аймақта күшті жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстікте, солтүстік батыста және орталық өңірде тұман түседі», - деп болжам жасайды синоптиктер.

Қостанай облысында кей жерлерде күн күркірейді, түнде және таңертең – тұман, күндіз кей жерлерде желдің күші 18 м/с жетеді.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы-15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде күн күркіреуі мүмкін.

Атырау, Ақтөбе облыстарында күндіз кей жерлерде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде күн күркіреуі күтіледі, Қарағанды облысында кей жерлерде түман түседі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында күн күркірейді, желдің екпіні -15-20 м/с, бұршақ жаууы ықтимал.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.