11.05.2020, 09:07
Жаңалықтар
Жаңа 14 дерек: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5090 адамға жетті
1941 адам жазылып шықты
Фото ашық дереккөзден
11 мамырға дейінгі жағдай бойынша Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 5090 адамға жетті, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Соңғы мәлімет бойынша елімізде инфекция жұқтырғандар қатарына тағы 14 адам қосылған. Олардың екеуі – Алматы, 5 – БҚО, 5 – Түркістан облысы, 1 – Атырау және тағы біреуі Жамбыл облысынан анықталды.
Жалпы ауырғандардың өңірлер бойынша статистикасы мынадай:
- Алматы – 1580
- Нұр-Сұлтан – 1066
- Атырау облысы – 299
- БҚО – 249
- Қызылорда облысы – 229
- Қарағанды облысы – 191
- Алматы облысы – 183
- Түркістан облысы – 180
- Жамбыл облысы – 179
- Ақтөбе облысы – 172
- Павлодар облысы – 154
- Маңғыстау облысы – 120
- Ақмол облысы – 109
- Қостанай облысы – 61
- ШҚО – 51
- СҚО – 34.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған 5090 адамның 1941-і жазылып шығып, 31-і қайтыс болды.
Көп оқылған
16.05.2026, 10:38
Астанада заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешендері анықталды
16.05.2026, 08:31
Конгода қауіпті вирус тарап жатыр: 65 адам көз жұмды
16.05.2026, 07:19
Қазақстанның бірқатар өңірінде 35 градусқа дейін ыстық күтіледі
16.05.2026, 06:26
Алматы тау бөктерінде кәріз суының салдарынан көшкін жүрді
16.05.2026, 10:08
Алматы мен тағы үш қалада ауа сапасы нашарлайды
16.05.2026, 12:56
ШҚО-да қолөнершілер екі бірдей әлемдік рекорд орнатты