Алтай Көлгінов соғыс ардагерлерін құттықтады
Елордада 44 соғыс ардагеріне 1 млн теңгеден сыйақы берілді
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. Батырлар соғыс жылдарындағы, соғыстан кейінгі өмірі туралы өз естеліктерімен бөлісті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
«Ардагерлердің арқасында бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Батырларымыздың ұмытылмас ерлігіне бас иеміз. Өмір жолыңыз барлығымызға үлгі-өнеге. Жуырда ардагерлерді Елбасы құттықтады», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Үрмелі аспаптар оркестрі соғыс жылдарының әндерін ардагерлердің аулаларында орындады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда 3 688 адам біржолғы ақшалай төлем алды. Жалпы сомасы 180 млн теңгені құрады. 44 соғыс ардагеріне 1 млн теңгеден сыйақы берілді.