06.09.2024, 02:00
Жаңалықтар
«200 млн теңге жымқырған»: Қызылорда облысында бір топ мектеп бухгалтеріне қатысты сот үкімі шықты
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Фото: istockphoto.com
Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған 9 адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот отырысында белгілі болғандай, білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударған.
«Қылмыстық іс бойынша негізгі айыпталушылар бас бостандығынан айырылса, қалған 7 сыбайлас бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, шартты мерзімге сотталды. Келген шығын ішінара өтелді», - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Жаңақорған ауданындағы мектептердің есепшілері мектепте жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударып, жымқырған. Мұны прокуратура анықтады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді