Ақтөбеде 13 жасар ұл баланы зорлаған: күдіктілердің бірі бостандықта жүр
Полиция қылмыстық іс қозғады

Ақтөбеде 13 жасар ұл баланы зорлаған. Қылмыс жасағандарды зәбір көрген ұлдың әкесі өз тауып алып, полицияға жүгінеді. Полиция 1 тамыз күні қылмыстық іс қозғады. Бірақ күдіктілердің бірі үй қамағына жіберіліп, екіншісі бірден уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Немолчи.kz-ке сілтеме жасап.
Сот-медициналық сараптамасы баланың денесіне зақым келтірілгенін нақтылады.
«Біз жыныстық зорлық-зомбылықтың барлық егжей-тегжейін айта алмаймыз, бірақ мұның бір ғана эпизод еместігін тергеу барысында анықталды. Іске қатысты тағы бір күдіктінің бары белгілі болды. Ол зорланған ұлмен қатарлас баласы бар отбасылы ер адам екен. Бірақ неге екені белгісіз оны әлі қамауға алған жоқ», - делінген ақпаратта.
Күдіктілер ұл баламен ВКонтакте әлеуметтік желісі арқылы танысқан.
«Бұл дегеніңіз қалада үнсіз қалған тағы бірнеше жәбірленуші болуы мүмкін деген сөз. Сондай-ақ күдіктінің бір ай ішінде айғақтарды жойып, байланысқа шығып, ізін жасырып кетуі де ғажап емес», - деп жазды Немолчи.kz.
Немолчи.kz ҚР ІІМ және Бас прокуратурадан бұл істі бақылауға алуды талап етті.