$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы 150 адамға беріледі

120 стипендиант магистратурада, 6 азамат докторантурада оқыса, 24 стипендиат тағылымдамадан өтеді

«Болашақ» халықаралық стипендиясы 150 адамға беріледі
Фото: depositphotos.com

150 қазақстандыққа «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста 150 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру туралы шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес 120 стипендиант магистратурада, 6 азамат докторантурада оқиды. Ал 24 стипендиат әлемнің озық университеттері мен өндіріс орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Комиссия мүшелері қазір басымдық беріліп отырған мамандықтарға ерекше назар аударды. Тиісінше стипендиаттардың үштен екісінен астамы жаратылыстану және техникалық бағыттар бойынша  білім алады.  

Сонымен қатар 33 азамат әлемдегі озық ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант алды. Жиын барысында Ерлан Қарин ғылыми тағылымдамадан өтетін үміткерлерді Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйекте жариялаған Жолдауындағы ұстанымдарға сәйкес мұқият іріктеу қажеттігіне тоқталды. Сондықтан ғылыми тағылымдамаға мемлекет үшін аса маңызды әрі экономикада жоғары сұранысқа ие мамандар ғана жіберіледі.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Болашақ» халықаралық стипендиясын және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын іске асыру үдерістерін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мұның бәрі еліміздің ғылыми әлеуетін дамыту жолында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары