$ 540  630.72  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Шығыстүстімет» шахтасындағы төтенше жағдай: полиция қылмыстық іс қозғады

Шахтада төтенше жағдай салдарынан төрт қызметкер қайтыс болды

«Шығыстүстімет» шахтасындағы төтенше жағдай: полиция қылмыстық іс қозғады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

ШҚО полиция департаменті «Шығыстүстімет» шахтасында төрт жұмысшының қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Шығыстүстімет» ЖШС-не тиесілі «Жырлыш кенішінде» оқыс оқиға орын алып, нәтижесінде кәсіпорынның төрт қызметкері сол жерде қаза тапты. Тағы бір жұмысшы зардап шегіп, медициналық мекемеге жатқызылды.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды («тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу»)», - делінген ПД хабарламасында.

ПД хабарлауынша, аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.

«Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары