Бұл өмірімдегі маңызды кезең болды – Ермек Маржықпаев қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
Ол бүгін Президент жарлығымен Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылған болатын

Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Экс-министр өзіне сенім артқан Президент пен Үкіметке алғыс айтты.
«Бүгін ҚР Туризм және спорт министрі лауазымындағы қызметім аяқталды. Бұл менің өмірімдегі өте маңызды кезең болды. Президент пен Үкіметке маған артқан сенімі үшін, сондай-ақ әріптестеріме бірлесе жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін. Отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенемін», - деп жазды Ермек Маржықпаев Facebook-тегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Ермек Мажықпаев бүгін Президент жарлығымен Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылған болатын.