Елімздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды

Azattyq Rýhy

Бірқатар аймақта өрт қаупі әлі де жоғары

Елімздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 31 тамыз, сенбі күні еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде найзағай болады деп күтілуде.

Ақмола облысының шығысында, орталығында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін. Ақтөбе облысының батысында, орталығында өрт қаупі жоғары болады, облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

 Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Атырау облысында желдің екпіні 15-20 м/с. облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында, шығысында өрт қаупі жоғары. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында өрт қаупі жоғары болады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде Павлодарда желдің екпіні 15-20 м/с дейін болады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін. облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде төтенше жоғары өрт қаупі күтілуде. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтілуде. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін.

Таңертең және түстен кейін Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін. көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстік-батыста, облыстың орталығында өрт қаупі жоғары. Қызылордада өрт қаупі жоғары болады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстік-шығыста, облыстың орталығында өрт қаупі жоғары. Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың көп бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда өрт қаупі жоғары болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.