28.08.2024, 14:11
Жаңалықтар
Жаңбыр, жел, найзағай: 29-31 тамызға арналған күн райы
Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады
Фото: depositphotos.com
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2024 жылғы 29-31 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай тұрып, жаңбыр жауады, жел күшейеді.
«Температураның біртіндеп төмендеуі күтілуде: солтүстік-батыста, солтүстікте, республиканың орталығында түнде + 10...+16 °С-тан +5...+10°С-ке дейін, күндіз + 20...+ 25 °С, оңтүстікте +28°С-тан +18°С дейін. Тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндіз +22-ден жыл ауа райы күтіледі. Еліміздің басқа өңірлерінде температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
