$ 492.17  522.39  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Аймақтарда найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК ертең, 20 тамызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жаууы, найзағай ойнауы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жеті.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысы бойынша 35 градус ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Түркістан облысында төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Серіктес жаңалықтары