19.08.2024, 20:22
Жаңалықтар
«ҚазАвтоЖол» ауа райына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады
Еліміздің бірқатар өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Фото: depositphotos.com
Бүгін, 19 тамызда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ауа райының күрт бұзылуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидрометтің» мәліметі бойынша, еліміздің бірқатар өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Сол себепті жолда түрлі қиын жағдайлар туындап, жауын жауып, қатты жел болуы мүмкін.
«Республикалық жолдарда барлық жүргізушілерді жолда мұқият болуларыңызды сұраймыз. Жылдамдық режимін сақтап, қауіпсіз арақашықтықты ұстап, аяқ-асты маневрларды жасамаңыздар. Рөлде мұқият болыңыз. Егер де жолда көмек қажет болса, 1403 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласыңыз. Ақпараттық экрандағы хабарламаларға жиі назар аударыңыз», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады