$ 488.91  532.62  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанаға шұғыл қонған шетелдік рейстегі жолаушы инсульт алды

52 жастағы Жапония азаматы жедел инсультпен Астана ауруханасына жеткізілді

Астанаға шұғыл қонған шетелдік рейстегі жолаушы инсульт алды
Фото: istockphoto.com

Астанада 17 тамыз күні швейцариялық борт шұғыл түрде қонған Токио-Цюрих рейсіндегі жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, 52 жастағы Жапония азаматы жедел инсультпен Астана ауруханасына жеткізілді

«17 тамызда жедел жәрдем қызметі Астана әуежайынан №2 қалалық көпсалалы ауруханаға ми қан айналымы жіті бұзылған (инсульт) ер адамды жеткізді. Ол реанимация бөліміне жатқызылды. Қазір жағдайы ауыр», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 88-бабына, 5-тармағына сәйкес Жапонияның 52 жастағы азаматына ем көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, 17 тамыз күні Астана әуежайының баспасөз қызметі жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де Boeing 777-300ER (HBJNI борттық нөмірі) бортында Токиодан Цюрихке ұшқан Swissair әуекомпаниясының SWR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонғанын хабарлады. Экипаж 50 жастағы жолаушының инсульт алды деген күдікке байланысты қону туралы шешім қабылдаған.

Дегенмен ұшақ жолаққа сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан шығып кеткен.

Серіктес жаңалықтары