18.08.2024, 13:52
Жаңалықтар
Орал қаласының тұрғындары бір апта ыстық сусыз отырады
Жұмыс мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда, ыстық су беру штаттық режимде қайта беріледі
Фото: istockphoto.com
Орал қаласына бір апта ыстық су берілмейді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдік мәліметінше, қалалық газ құбырларында жүргізіліп жатқан сынаққа байланысты ыстық су өшіріледі.
«Интергаз Орталық Азия» АҚ филиалы тауарлық газ беруді тоқтатып, газ құбырларында сынақтар өткізуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты 19-25 тамыз аралығында тұрғындар үшін ыстық сумен жабдықтау тоқтатылады», - деп хабарлады ведомстводан.
Жұмыс мерзімінен бұрын аяқталған жағдайда, ыстық су беру штаттық режимде қайта беріледі.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)