14 ауылдан 31 606 адам көшірілді: Мақтааралға екі облыстан қосымша күш пен техника жіберілді
Ауданда қандай жағдай қалыптасып отыр?
5 мамыр таңертең Түркістан облысының аумағынаТЖ-ның салдарын жою үшін Шымкент қаласы, Жамбыл және Қызылорда облыстары ТЖ департаменттерінің, 28237 әскери бөлімінің құрамында жеке құрамнан 276 адам, 35 бірлік техника, 7 жүзу құралы және 31 мотопомпа бар қосымша күштер мен құралдар жіберілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
31 606 АДАМ, 15 046 БАС МАЛ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
1 мамырда Сардоба су қоймасы (Өзбекстан Республикасы Сырдария облысы) жарылды, ол Орталық ашық дала коллекторының толып қалуына (өткізу қабілеті 120 м3/сек, нақты 180 м3/сек) және Түркістан облысы Мақтаарал ауданыны аумағында су тасуына әкеліп соқты.
2 мамырда бес елдімекенді (Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фердоуси, Өргебас, Достық ауылдары) су басты, халық саны 631 адам. Жалпы ауданы 5 593,6 га жайылымдар мен егістік алқаптар су астында қалды.
«1-3 мамыр аралығында 14 елдімекеннен (Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фердоуси, Өргебас, Достық, Мырзакент, Нұрлыжол, Жантақсай, С. Т. Жайлыбаев, Нұрлытаң, Шұғыла, Арайлы, Ақжол, Қоғалы ауылдарында) алдын ала 31 606 адам эвакуацияланды (оның ішінде 11 533 бала). Мақтарал ауданы Атакент ауылындағы 24 эвакуациялау пунктіне 3 061 адам, қалғандары туысқандарының үйлеріне орналастырылды. Алдын ала деректер бойынша қауіпсіз орындарға 15 046 бас мал мен құс айдалды», - деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметі.
УАҚЫТША БӨГЕТ САЛУ ҮШІН 25 МЫҢ ҚАП ПАЙДАЛАНЫЛДЫ
Жеңіс ауылындағы көпірді (ұзындығы 10 м, ені 6 м), сондай-ақ 4 автомобиль жолын (аудандық-1 Жаңатұрмыс ауылына, облыстық-2 Жеңіс – Фердоуси және Өргебас ауылына кіреберіс, республикалық-1 Жібек жолы – Жетісай) су шайды.
2 мамырда Мақтаарал ауданы әкімінің шешімімен жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
4 мамырда Мырзакент ауылының (14 532) және Ақжол ауылының (2 453) 16 985 тұрғыны су басу қаупінің алынуына байланысты өз үйлеріне оралады. Полиция қызметкерлері 8 блок-бекет қойды (Жаңатұрмыс, Фердоуси, Т. Жайлыбаев (2), Нұрлыжол, Иіржар, Өргебас, Шұғыла ауылдарында). Полиция қызметкерлері және Ұлттық ұлан сарбаздары қоғамдық тәртіпті күзетуді іске асырады.
«Жетісай ауданы Қоғалы ауылына жақын жердегі автомобиль жолының бойында бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақытша бөгеттің ұзындығы 660-ден астам метр, 25 мыңға жуық қап пайдаланылды. Нұрлыжол, Фердоуси, Өргебас, Ырысты және Жантақсай ауылдарының аумағында жалпы ұзындығы 3,36 шақырым уақытша бөгеттер салу жұмыстары жүргізілді және 3 блок-бекет орнатылды», - делінген ресми хабарда.
ШҰҒЫЛ ЖЕЛІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінен және жергілікті атқарушы органдардан жалпы 986 адам, 180 бірлік техника мен 4 жүзу құралы жұмылдырылды. ТЖ зардабын жою жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер,жергілікті атқарушы органдар, волонтерлер жұмылдырылды.Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінде қауырт желі жұмыс істейді (8(72533) 4-06-50, 8(72541) 2-22-25).