$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.05.2020, 11:47
Жаңалықтар

2 жарым мыңға жуық фермерге 70 млрд теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетілді

Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың 95% шағын және орта бизнес өкілдері

2 жарым мыңға жуық фермерге 70 млрд теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетілді
Фото: ашық дереккөзден

Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды 35 күн ішінде аяқтады. 2 405 фермер жылдық 5% есеппен 70 млрд теңге алды. Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың 95%-ы шағын және орта бизнес өкілдері, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Егіс маусымына дейін фермерлердің айналым қаражатын толтыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылдармен салыстырғанда, республикалық бюджеттен 10 млрд теңге артық қаражат бөлінді. Сондай-ақ, қаржыландырудың жеңілдетілген ставкасы 5%-ға дейін төмендетілді.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты шектеулерге қарамастан, Аграрлық несие корпорациясы фермерлерді қаржыландыруды қысқа мерзімде - егіс маусымына дейін аяқтады. Мемлекеттің көмегін 2 405 фермер алды, олардың көпшілігі Түркістан облысындағы шағын шаруалар.

«Кең дала» бағдарламасына қатысуға өтініш берген фермерлердің 126-сы 100 млн теңгеден астам қаржыға ие болды. 194 фермерге орташа есеппен 574 млн теңге берілді.

Мемлекеттік көмек алғандардың 90%-ы - шағын шаруа қожалықтары. 2085 фермер орташа есеппен 6,1 млн теңге алды. Бұл ретте ең аз несие 600 мың теңгені құрады. Аграрлық несие корпорациясы шағын фермалардан келіп түскен өтініштердің саны бес жүз артқанын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында қосымша көмек қарастырылғанын атап өткен жөн. Оған өтініштер қабылдау басталып кетті.

Қосымша 100 миллиард теңге де Аграрлық несие корпорациясы арқылы беріледі. Қарыз алушылар үшін пайыздық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-ды құрайды, сондай-ақ,  барлық дақылдарды егу үшін қаржыландыру қолжетімді болады.

Серіктес жаңалықтары