Қостанай су қоймасы диқандарға 5,1 млн текше метр су жіберген
Жалпы, өңірдің су қоймаларында 1,15 млрд текше метр су бар

Қазір Қостанай облысының ірі су қоймалары 83% толып тұр және 1,15 млрд текше метр су бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жергілікті «Қазсушар» филиалының директоры Дәурен Әбдіхамитов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, соңғы алты айда филиал коммуналдық кәсіпорындарға 18,3 млн текше метр, шаруалар мен дихандарға 5,1 млн текше метр су жіберген.
«Қаратомар су қоймасы мен су торабының жарықтандыру желілері, қақпалары мен су өткізетін бөлігі жөнделді. Жоғары Тобыл су қоймасының қақпасы да жөнделді. Жалпы, гидротехникалық құрылыстардың, су тораптарының жабдықтары мен механизмдерінің техникалық жағдайы қанағаттанарлық», - деді Дәурен Әбдіхамитов.