Магистратурада оқуға 13 мың грант бөлінді: құжат қабылдау басталды

Молдатай Сымбат

Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады

Магистратурада оқуға 13 мың грант бөлінді: құжат қабылдау басталды
Фото: istockphoto.com

Магистратурада оқуға 13 мың грант бөлінді. Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-15 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің нәтижелерін жариялады. Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 39 мыңнан астам адам тапсырды. Олардың 43%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 75 балл. Ең жоғары балл – 132.

Тестілеу қорытындысы бойынша 149 қатысушының нәтижесі жойылды. Олар ережені бұзған.

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.

Грант конкурсына қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
  • КТ сертификаты;
  • халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда).

Құжаттарды оқу орнына қабылдау комиссияларына офлайн, сондай-ақ виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн тапсыруға болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.