12.08.2024, 12:40
Жаңалықтар
Оқу жылының қарсаңында Астанада 30-дан астам мектеп салынып жатыр
Оның сегізі – жайлы мектеп
Фото: Астана әкімдігі
Астанада 30-дан астам мектеп салынып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазіргі уақытта қалада 100 мыңға жуық оқушы орнына (екі ауысымды) арналған 30-дан астам мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылы ішінде 23 мектеп салынады. Бұл елорда үшін рекордты көрсеткіш болып саналады», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Қалада салынып жатқан мектептің 8-і – «Жайлы мектеп». Олар мына мекенжайларда орналасқан:
- Сарыарқа ауданы, Ұлытау мен Наурыз көшелерінің қиылысында және Бейбарыс Сұлтан көшесінде;
- Нұра ауданы, Төле би көшесі мен 24 көшенің қиылысында;
- Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында;
- Нұра ауданы, Төле би, 31 көшелерінде, Мәңгілік ел даңғылы мен Е-497 көшесінің қиылысында, Орынбор мен №37 көшелерінің қиылысында;
- Алматы ауданы, А.Байтұрсынұлы көшесінде.
Оқу жылының басында тағы 3 мемлекеттік және бір жеке мектеп ашу жоспарланып отыр.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады