12.08.2024, 13:10
Жаңалықтар
Қазақстанда электр энергиясы 1 қыркүйектен бастап қымбаттайды
Құжат жобасы жария талқылауға шығарылды
Фото: freepik.com
ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясына жаңа шекті тарифтерді бекітуді ұсынады. Тиісті бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің хабарлауынша, баға өсімі энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз электр энергиясын өндіруге арналған базалық шығындардың, атап айтқанда, отынға, жалақыға және жөндеу жұмыстарына арналған шығындардың ұлғаюымен байланысты.
2024-2025 жылдарға арналған жаңа шекті тарифтерді белгілеу ұсынылады:
- «Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС» - сағатына киловатт үшін 8,27 теңге (2024-2025 жылдарға арналған қолданыстағы тариф сағатына киловатт үшін 8,05 теңгені құрайды)
- «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ – 7,98 (7,4)
- «Астана-Энергия» АҚ – 9,28 (8,49)
- «Қазақстан алюминийі» АҚ – 7,87 (6,05)
- «Степногор ЖЭО» ЖШС-28,97 (22,58)
- «Жаңажол ГТЭС» ЖШС – 11,85 (11,44)
- «З-Энергоорталық» АҚ – 15,09 (13,79)
- «Қазхром «ТҰК» АҚ – 10,67 (7,59)
Құжат жобасы 2024 жылдың 23 тамызына дейін жария талқылауға шығарылды. Қабылданған жағдайда бұйрық осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енеді.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды