Fly Arystan рейске жіберілмеген оқушының анасына тегін ұшатын сертификат сыйлады

Azattyq Rýhy

Оқиға 21 шілде күні болған

Fly Arystan рейске жіберілмеген оқушының анасына тегін ұшатын сертификат сыйлады
Фото: t.me/FlyArystan info

FlyArystan компаниясының президентінің міндетін атқарушы Ричард Леджер зардап шеккен ана Жазира Мусинамен кездесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әуекомпанияның басшысы бүгін 2024 жылғы 21 шілде күні KC 7367 рейсіне отырғызу кезінде Астана әуежайында еш негізсіз қалған Зере Ғалиеваның анасы Жазира Мусинамен кездесіп, кешірім сұрау үшін Оралға ұшып барды. 

Ричард Леджер Зере Ғалиеваға, сондай-ақ оның әпкесі Зауре мен анасы Жазира ханымға 2024 жылдың соңына дейін FlyArystan әуекомпаниясымен Қазақстан бойынша тегін ұшуға мүмкіндік беретін сертификаттарды ұсынды.

Айта кетейік, Қазақстандағы ірі әуе тасымалдаушы компания FlyArystan ұшағы 12 жастағы қыз баланы бортқа кіргізбей, Астана әуежайында қалдырып кеткен.

Арада көп ұзамай, егіздің анасы әуе компания қызметкерлерінің 4 млн теңге моральдық шығын өтейтінін айтып хабарласқанын мәлімдеген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.