«FlyArystan» өзі ұшаққа мінгізбей қойған оқушының анасына 4 млн теңге ұсынған

Темірхан Айжан

Бұған дейін азаматтық авиация комитеті әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлаған

«FlyArystan» өзі ұшаққа мінгізбей қойған оқушының анасына 4 млн теңге ұсынған
Фото: FlyArystan

«FlyArystan» 4 млн теңгемен кінәсін жуып-шаймақ. Әуе компаниясы кішкентай қызды ұшыққа мінгезібей қойғаны үшін баланың анасына ақша ұсынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Маған «FlyArystan» әуе компаниясы хабарласып, келісімге келуді сұрады. Олар 4 млн теңге  моралдық шығын төлейтінін айтты. Әуе компаниясының басшылығы менімен жеке кездесіп, кешірім сұрағысы келеді. Бірақ мен бас тарттым. Сотта кездесетінімізді айттым», - деп жазды баланың анасы Жазира Мусина.

Еске салайық, Қазақстандағы ірі әуе тасымалдаушы компания FlyArystan ұшағы 12 жастағы жасөспірімді бортқа кіргізбей, Астана әуежайында қараусыз қалдырып кеткен. Баланың анасының айтуынша, қызы 3 сағат бойы жолаушыларды тіркеу орнының алдында жылап отырған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.