Ақмола облысынан шыққан алып адам Америка жұртының аузын аштырды (ВИДЕО)

Темірхан Айжан

Ол America's Got Talent шоуында өнер көрсетті 

Қазақстандық бұла күш иесі Сергей Цырульников America's Got Talent шоуында өнер көрсетіп, көрерменді таң қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сергей Цырульников екі қолына, мойнына қалың шынжыр салып шықты. Қалың болат шынжырларды сахнада тұрып үзіп тастады. Одан кейін үлкен темір бұрауышты ортасынан қақ бөліп сындырды. Көрерменді қатты таңғалдырғаны оның темір шегені ағаш тақтайға бір, шойын табаға бір алақанымен қағып кіргізгені болды. Алып күштің иесіне тәнті болған жұртшылық орындарынан тұрып қошемет көрсетті.

39 жастағы Сергей Цырульников Ақмола облысы Шортанды ауданы Новокубанка ауылында дүниеге келген. Ол күш өнерінен Қазақстанда алты мәрте, әлем бойынша төрт мәрте рекорд орнатқан, Гиннестер кітабына енген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.