11 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау кезінде нені ескеру керек

Azattyq Rýhy

Бұл вакцинация бағдарламасы жыл сайын тұрақты түрде жүргізілетін болады

11 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау кезінде нені ескеру керек
Фото: freepik.com

Қыркүйектен бастап елімізде 11 жастағы қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау басталады. Бұл вирус жыныстық қатынас арқылы таралып, жатыр мойны обырының дамуына себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Наш Костанай сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қуат Әлмағамбетовтың айтуынша, вакцина жатыр мойны обырының алдын алудың жалғыз жолы болып табылады.

Вакцинация қалай жүргізіледі?

Вакцина білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде тегін салынады. Ата-аналар өтініші бойынша тіркелген жері бойынша емханалардан да алуға болады. Вакциналау ата-ананың немесе қамқоршының келісімімен, дәрігердің тексеруінен кейін жүргізіледі.

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакциналауды енгізу бойынша дайындық жұмыстары басталды. Жоспар бойынша 11 жастағы 175 мыңға жуық қыз балаға вакцина егіледі. Алынатын вакцина дәрілері толық зерттелген және көптеген елдерде 20 жылдан астам тәжірибеде қолданылып келеді. 2013-2014 жылдары Қазақстанда бұл вакцинаны 11 мың қыз бала салдырған еді, бүгінде олардың арасында репродуктивті жасқа жеткендер ешбір ауру белгілерінсіз отбасын құрып жатыр.

Бұл вакцинация бағдарламасы жыл сайын тұрақты түрде жүргізілетін болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.