11.08.2024, 12:50
Жаңалықтар
Олимпиадада өзбекстандық жанкүйерлер Қазақстанның туын желбіретті (ВИДЕО)
Париж Олимпиадасында өзбекстандық спортшылар 8 алтын медаль жеңіп алды
Фото: Видеодан скрин
Париж Олимпиадасында Өзбекстаннан барған жанкүйерлер боксшы Баходир Джалоловтың финалдық жекпе-жегінде көршілес елдердің туын желбіретті. Олардың арасында Қазақстанның да туы бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аймақтағы әрбір елдің жетістігі – біздің ортақ жеңісіміз. Спорт бізді біріктіреді. Күшіміз тек бірлікте. Алға, Өзбекстан! Алға, Орталық Азия», - деп жазды жергілікті БАҚ.
Париж Олимпиадасында өзбекстандық спортшылар 8 алтын медаль жеңіп алды. Осы арқылы олар медальдық көрсеткіште 13-орынға көтерілді.
Ал Қазақстан құрамасы 41-орында тұр. Қоржынымызда 1 алтын, 3 күміс, 3 қола бар.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді