09.08.2024, 22:50
Жаңалықтар
Астана көшелерін жаңбыр суы басып қалды
Толассыз жаңбырға байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектелген
Фото: Azattyq Rýhy
Астанада екі күннен бері нөсер жаңбыр жауып, қала көшелерін су басып қалды. Коммуналдық қызметтер толықтай күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, қала бойынша 200 бірліктен астам арнайы техника жұмылдырылды, олар жергілікті орындарда су сору жұмысын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта жаңбыр тоқтаусыз жауып тұр.
Ал «Қазгидромет» мәліметінше, екі күн ішінде Астанада 48 мм жаңбыр жауған, айлық норма – 31 мм. Яғни, екі күн ішінде жауын-шашын мөлшері 1,5 айлық мөлшерден асып түсті.
Толассыз жаңбырға байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектелген:
- Тұран даңғылының Керей-Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Дала даңғылына қарай;
- Хусейн Бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына қарай;
- Ұлы Дала даңғылының Қабанбай батыр даңғылынан Айтматов көшесіне дейін;
- Нәжімеденов көшесінің Тәуелсіздік көшесінен Аманжолов көшесіне дейін.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды