$ 494.95  525.49  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда кейбір айыппұл құнын 10 есе арттыру ұсынылды

Тиісті заң жобасын Су ресурстары және ирригация министрлігі дайындады

Қазақстанда кейбір айыппұл құнын 10 есе арттыру ұсынылды
Фото: freepik.com

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды. Заңның тиісті жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілерді жойғаны үшін салынатын айыппұлдар

жерасты суларына арналған мемлекеттік бақылау және режимдік ұңғымаларды, су объектілеріндегі гидрологиялық бекеттерді, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерін, ортақ су пайдалануға тыйым салу белгілерін, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгілерін, маркшейдерлік, геодезиялық пункттер мен белгілерді жою немесе бүлдіру:

  • жеке тұлғалар үшін – 5-тен 50 айлық есептік көрсеткішке дейін (АЕК)
  • лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін –30-дан 300 АЕК-ке дейін
  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 70-тен 700 АЕК-ке дейін
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 100-ден 1000 АЕК-ке дейін

Су объектілерін тартып алғаны үшін айыппұлдар

Суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу туралы бапқа: 

  • жеке тұлғалар үшін – 30-дан 150 АЕК-ке дейін
  • лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін-40-тан 200 АЕК-ке дейін
  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 60-тан 300 АЕК-ке дейін
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 260-тан 1300 АЕК-ке дейін

Суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұлдар

Бұдан басқа, ведомство арнайы су пайдалану құқығының жоқтығы, су ресурстарын мақсатсыз пайдаланғаны, су пайдаланудың рұқсат етілген көлемінен асып кеткені, бекітілген су режимін және арнайы су пайдаланудың басқа да шарттарын сақтамағаны үшін айыппұлдардың мөлшерін ұлғайтуды ұсынады:

  • жеке тұлғалар үшін – 10-нан 50 АЕК-ке дейін
  • лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін –20-дан 100 АЕК-ке дейін
  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 30-дан 150 АЕК-ке дейін,
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 170-тен 850 АЕК-ке дейін.

Заң жобасы 2024 жылдың 22 тамызына дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Егер бұл құжат қабылданса, Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 6 ай өткен соң күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары