Астанаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді

Azattyq Rýhy

Тәжікстан басшысын ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов әуежайда күтіп алды

Астанаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді
Фото: t.me/KZgovernment

Астанаға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәжікстан басшысын ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов әуежайда күтіп алды.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі мен «Орталық Азия + Жапония» диалогы мемлекеттері басшыларының бірінші саммитіне қатысады.

 Бүгінде елдер тауар айналымын одан әрі арттыруға күш салуда. Биылғы қаңтар-маусым айларында екі ел арасындағы өзара сауда көлемі $575,7 млн-ды құрады, бұл ретте қазақстандық тауарлар экспорты 18,9%-ға артты. 

Екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарының бірі – су қатынастары саласы. Тәжікстанда Рогун су электр стансасын салу жөніндегі энергетикалық жоба бүкіл Орталық Азия аймағына мультипликативті әсер береді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.