$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2020, 10:53
Жаңалықтар

Токиода коронавирус жұқтырғандарға роботтар қызмет етеді

Темір қызметкерлер тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді 

Токиода коронавирус жұқтырғандарға роботтар қызмет етеді

Токиода коронавирус жұқтырғандар үшін арнайы қонақүй ашылды. Сақтық мақсатында онда роботтар ғана қызмет етеді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Темір қызметкерлер тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ науқастардың ем-домына көмектеседі.

«Қонақүйді мейлінше жайлы ету үшін роботтарды қолдануды ұйғардық. Мәселен, мейманхананың кіреберісіне тазалау жұмысымен айналысатын роботты қойдық. Өйткені ең қауіпті аймақ дәл осы жер саналады. Оның үстіне роботтардың арқасында адамдар вирус жұқтырып аламын деп те қорықпайды», - дейді Токио мэриясының өкілі Наоко Кубота.

Өз кезегінде Түркия қонақүйлері сақтық шараларын мейлінше күшейтіп, тұралап тұрған туризм саласын қайта жандандыруға кірісті. Яғни қонақүйлер бұдан былай тек «қауіпсіздік сертификатымен» жұмыс істейді. Ал келушілер коронавирус жұқтырмағаны туралы анықтама көрсетулері керек. Бұған қоса, әлеуметтік арақашықтықты сақтау да міндетті. Осыған байланысты қызметкерлерге арнайы эпидемиологиялық даярлықтан өту талабы қойылды.

«Қауіпсіздік сертификаты берілген сәттеп бастап қызметкерлерді дайындауға кірісеміз. Чешмедегі маусым тек барлық талаптарға сай болғанымызда ғана басталады. Тұрғын үйді жалға беру сервисінде де біршама өзгеріс бар. Мамырдан бастап пәтер иелері бөлмені тазалау жұмыстарына қонақ кеткеннен кейін 24 сағаттан соң ғана кірісе алады. Бұған қоса, үйді келесі жалға алушыға тапсыру үшін кемінде 3 тәулік өтуі тиіс», - Чешме қаласының мэрі Экрем Оран.

Коронавирус кесірінен Нью-Йорк қонақүйлері де келушілерге жаңа шектеулер енгізуге мәжбүр. Енді мейманхана табалдырығынан аттаған әрбір қонақ міндетті түрде дене қызуына тексерілуі тиіс. Ал лифтпен тек бір адамнан ғана көтеріле алады. Бұған қоса, бөлмелерді тазалап, дезинфекциялауға берілетін уақыт әдеттегі 2 сағаттан 3 тәулікке дейін ұзарған.

«Біз келген қонақтардың температурасын тексеріп, хал-жағдайын сұраймыз. Егер бәрі дұрыс болса, қолдарына зарарсыздандырғыш ұстатып, толық тексерілгені туралы стикер береміз. Мұндай қағаздың түсі күн сайын өзгертіліп тұрады. Біз жаңадан енгізіліп жатқан шаралар адамдарға түсінікті болуы үшін барынша қарапайым етуге күш салдық», - дейді қонақүй менеджері Руди Таушер.

Серіктес жаңалықтары