Нариман Құрбанов: Әкеме менен ештеңе шықпайтынын жиі айтатындар көп болатын

Azattyq Rýhy

Жетістікке жетуіне күмәнмен қарайтындар көп болғанын айтты

Нариман Құрбанов: Әкеме менен ештеңе шықпайтынын жиі айтатындар көп болатын
Фото: Сали Сабиров, ҰОК

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері гимнаст Нариман Құрбанов спорттағы жетістігіне күмәнмен қарағандар көп болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Спортта үлкен жетістікке жететініме сенбей, әкеме менен ештеңе шықпайтынын жиі айтатындар көп болатын.

Биылғы маусымда әрбір жарыс алдында суретке қарап, армандайтынмын. Ал Олимпиададан жүлде алу бала кезден бергі арманым болған емес. 18 жасыма қарай жазғы ойындарға қатысып, жүлде алуға асыға бастадым. Алдыма мақсат қойдым. Мақсатыма жету үшін тынбай еңбек еттім. Елімізде бұл медальді қалай қабылдайтынын, халықтың қалай қуанып жатқанын жақсы жақсы білемін. Қазір бұл медальді ұстағаннан гөрі, еліміздің қуанып жатқанын көру мен үшін үлкен бақыт», - деді Құрбанов.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.