Головкин: Тұңғыш рет еліміз спорттық гимнастикадан Олимпиада тұғырына көтерілді

Azattyq Rýhy

Головкин Құрбановты құттықтады

Головкин: Тұңғыш рет еліміз спорттық гимнастикадан Олимпиада тұғырына көтерілді
Фото: Сали Сабиров, ҰОК

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс медаль алған Нариман Құрбановқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Нариман Курбановты Олимпиада ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет біздің еліміз спорттық гимнастикадан Олимпиада тұғырына көтерілді.

Жеңіске деген жігеріңіз бенқайсар мінезіңіздің арқасында Сіз барша қазақстандық жанкүйердің жүрегіне жол тарттыңыз.

Жеке бапкеріңіз Хусанжан Құрбановқа да өз құттықтауымды жолдаймын. Бұл жүлденің артында Сіздің де, бапкеріңіздің де еңбегі жатыр.

Олимпиада ойындарында Сіз жеңіп алған алғашқы күміс медаль болашақта жарқын жеңістерге жетелейтініне сенемін! Барша Қазақстан халқын тарихи медальмен құттықтаймын!», - делінген хатта.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.