01.08.2024, 14:30
Жаңалықтар
Астанада 7-10 тамыз аралығында шектеулер енгізіледі
Бұл туралы мемлекеттік күзет қызметі хабарлады
Фото: polisia.kz
Астанада автомобильдер мен жаяу жүргіншілер үшін көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізуге байланысты 7-10 тамыз аралығында елорданың жекелеген көшелерінде:
- Есіл ауданында, Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала, Достық, Керей, Жәнібек хандар көшелері
- Нұра ауданында, Тұран, Ұлы Дала даңғылы
- Алматы ауданында, Тәуелсіздік даңғылы, Нәжімеденов, Аманжолов көшесінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
«Осы жылдың 3 тамызында дайындық аясында бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өткізіледі. Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қарулы Күштердің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс - шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Мемлекеттік күзет қызметінің хабарламасында.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды