Бүгін бірқатар өңірде күн бұлттанып, найзағай күтіледі
Кей аймақта аптап ыстық болады
Бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды. Бірқатар өңірде найзағай ойнауы мүмкін. Сонымен қатар бірнеше аймақта ауа райы 35 градустан жоғары болмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қостанай облысы
Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ.: 30 шілдеде найзағай күтіледі.
Алматы облысы
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 30 шілдеде күннің соңында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Қонаев қ.: 30 шілдеде күннің соңында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады.
Атырау облысы
Атырау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 30 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 30 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысы
Күндіз Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорған қ.: 30 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысы
Күндіз Түркістан облысының тауында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 30 шілдеде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 30 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Абай облысы
Түнде Абай облысының солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Семей қ.: 30 шілдеде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 30 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Орал қ.: 30 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 30 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысы
30 шілдеде күндіз, 31 шілдеде тәулік бойы Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз 30, тәулік бойы 31 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 31 шілдеде облыстың солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. 30-31 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Тараз қ.: 30-31 шілдеде күндіз солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 15-20 м/с күтіледі. 30-31 шілдеде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ақмола облысы
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысы
29-31 шілдеде Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.