Мұхамедсабыр Базарбайұлы: Қарсыласым өте ыңғайсыз жұдырықтасады екен
Боксшы Олимпиадада екінші жекпе-жегін өткізіп үлгерді
Бокстан 63,5 келіде жұдырықтасатын Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасындағы екінші жекпе-жегін өткізіп, шағын сұхбат берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Еске салайық, қазақстандық боксшы Олимпиаданың екінші айналымында тайпейлік қарсыласын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
«Қарсыласым өте ыңғайсыз жұдырықтасады екен. Өзі Азия ойындарының күміс жүлдегері, жолдаманы да сол жарыста алған. Жеңіске жету үшін барымды салдым. Оның үстіне, екінші жекпе-жек болған соң, шаршы алаңға да бой үйрете бастадым. Ал Олимпиаданың рухы керемет. Бүкіл спортшы армандайтын жарыс болған соң, аянып қалмау керек», - деді боксшы.
Айта кетелік, Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиадада екінші жекпе-жегін өткізіп үлгерді.