28.07.2024, 20:12
Жаңалықтар
Париж-2024: Семсерлесуден отандасымыз олимпиада чемпионын жеңді
Осыған дейін Руслан Құрбанов алғашқы кездесуінде марокколық спортшыны жеңді
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Семсерлесуден ерлер арасындағы жекелей сында командамыздың көшбасшысы Руслан Құрбанов 1/8 айналымда Токио Олимпиадасының жеңімпазы, 2 дүркін әлем чемпионы Ромен Каннонды ұтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Есеп: 15-10.
Осыған дейін Руслан алғашқы кездесуінде марокколық Хуссас Ел Кордты 15-13 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Руслан былтыр Миландағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Бұл еліміз үшін ӘЧ-ның алғашқы жүлдесі саналады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді