$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.05.2020, 09:18
Жаңалықтар

1 мамырға арналған ауа райы болжамы

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

1 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Ауа райының тұрақсыз сипаты республиканың басым бөлігінде сақталады, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, күндіз оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, солтүстік-батыста тұман, түнде солтүстікте аяз болады.

Ақмола және Жамбыл облыстарында кей жерлерінде 15-20, кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с, түнде Ақмола облысының кей жерлерінде күшті жел тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысының  басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін жел күшейеді.

Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады.

Серіктес жаңалықтары