27.07.2024, 20:19
Жаңалықтар
Олимпиада-2024: Елдос Сметов финалға шықты
Финалда Елдос пен Лука Мхеидзе (Франция) күреседі
Фото: Olympic.kz
Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында әлем чемпионы, Еуропа чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы Франсиско Гарригосты (Испания) қосымша уақытта (golden score) ұтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Екі татами шебері осыған дейін 4 мәрте күш сынасқан (2-2). Елдос бұл текетіресте алға шықты.
Финалда Елдос пен Лука Мхеидзе (Франция) күреседі.
Бүгін іріктеуде Сметов Торнике Чкадуаны (Нидерланд), Дильшот Халматовты (Украина), ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Ю Вейді (Тайпей) жыққан.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді