Ғалым Қаржаубай Сартқожа өмірден өтті
Қаржаубай Сартқожа 1947 жылы 21 наурыз Моңғолияның Баян-Өлке аймағында дүниеге келген
Белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы өмірден өтті. Бұл туралы AIQYN газетінің бас редакторы Амангелді Құрметұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Түркология саласының білгірі, белгілі ғалым, Қаржекем, Қаржаубай Сартқожа ағам да пәниді тәрк етіпті... Иманы жолдас болсын!» - деп жазды Амангелді Құрметұлы.
Айта кетейік, Қаржаубай Сартқожа 1947 жылы 21 наурыз Моңғолияның Баян-Өлке аймағында дүниеге келген.
2001 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия» гуманитарлық ғылыми-зерттеулер орталығының Түркология зертхана меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері;
2010 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры.
Тарих ғылымының кандидаты, профессор. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 250-ден астам ғылыми мақаланың авторы. «Бір автобустағылар» (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген. «Этнокультурный связь древно-тюркского-уйгурского каганата» (Алматы, 1988), «Объединенный каганат тюрков», (Астана, 2001) ғылыми кітаптары шықты. 30-ға жуық ғылыми мақалалары орыс, француз, ағылшын, моңғол, қазақ, қытай тілдерінде ғылыми басылымдарда жарияланды.