Ресейде Моңғолияға бара жатқан қазақстандық автобус өртеніп кетті
Оқиға 20 шілде күні болды
Қазақстаннан Моңғолияға баратын рейстік автобус Алтай Республикасындағы Шу трактісінде өртеніп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Алтай Республикасы ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәлімет бойынша, Шу трактісі автожолының 720 шақырымында рейстік автобустың өртенуі туралы хабарлама 20 шілдеде таңғы сағат 06:13-те Автобус Астана – Баян-Өлгий (Моңғолия) бағытымен жүрді
Салонда 50 адам болды, оның ішінде 15 бала бар, барлығы өз бетіншн эвакуацияланды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Сағат 06:14-те өрт орнына Онгудай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері саны 5 адам, 1 бірлік техника шықты. Сағат 07:15-те өрт жойылды. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмейді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналасу пунктіне жеткізілді», – делінген хабарламада.